28
апрель
2022
Құттықтаймыз!
2022 жылдың 27 сәуірінде Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен "Бір қадам алға – 2022" ІІІ аймақтық ғылыми жобалар байқауына № 7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жұмыстарын ұсынған 9 білім алушының жетеуі жүлделі орынға ие болды. Олар: Иванков Антон ІІ орын, Садвакасов Нурислам, Садвакасов Рахат, Ахметова Алем, Биахметова Айзере, Ефанова Елена, Тореханов Назар ІІІ орын алды. Сонымен қатар ғылыми жоба сайысына алғаш қадам басқан 5,6-сынып оқушылары Қайролданова Аянат, Бағдатов Әли «Үздік тамаша бастау» номинациясын иеленді. Білім алушыларды дайындаған жетекшілері: Шукыжанова А.С., Дюсюпова Н.А., Мангуткина Г.Х., Умарбекова Ф.Н., Островерхова Л.К., Рамазанова Г.Ж., Байботанова А.Е, Бейсембаева К.М. Шәкірттерімізге алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.












