Педагогикалық кеңес
06.01.2026 жылы №7 ЖОББ мектеп-лицейінде кезекті Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес тақырыбы: "Мәтінмен жұмыс - бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі". Мектеп директоры С.Г.Лобода педкеңестің күн тәртібімен ұжым мүшелерін таныстырды. Барлық қатысушыларға арналған ұйымдастыру жаттығуы жүргізілді.
1.Теориялық бөлімде осы бағытта бастауыш сыныптарда жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы слайд арқылы көрсете отырып толық мәлімет берілді. Практикалық бөлімде Әр топқа жеке топтық жұмыс ұйымдастырылды:
- Дауыстап оқу. Оқиға картасы құрастырылды.
- Іштей оқу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырылды.
- Буынға бөліп оқу . Жоспар құру
- Тізбектей оқу . Жоспар бойынша мазмұндау
- Әуен ырғағымен оқу . Мәтін мазмұны бойынша сурет салу, белгілей отырып оқу.
- Коллаж құрастыру.
Кері байланыс үшін wordwall пайдаланылды.
2.Мектеп оқушыларының үлгерімі мен қозғалысы туралы І жартыжылдық қорытындысы бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Т.Шаихова таныстырып, ұжыммен талқыланды.
3.11 сынып жетекшілерінің қорытынды аттестаттауға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстары тыңдалды.
4. Мектептегі шығармашылық топ мүшелерінің есебі тыңдалды. Атап айтқанда, «STEM білім беру» шығармашылық тобының мүшелері – информатика пәні мұғалімі М.С.Жақанова және математика пәні мұғалімі П.Г.Бедер сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.
5.Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С.Чабекова айтып өтті.
5.Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары В.К.Балтабаева "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарының" маңызды тұстарына тоқталып, "Ұстаз" платформасында жүргізілетін жұмыстар жайында түсіндіріп өтті.















