31
октябрь
2025
Педсовет
31 қазан күні Семей қаласындағы №7 ЖОББ мектеп-лицейінде Педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес күн тәртібі:
1. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру»
2. 2025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша оқу үлгерімі қорытындысы
3. Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. «Ашық мектеп – ашық бюджет» жобасын іске асыру
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жүзеге асыру
5. Ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жүйесі. Қамқоршылық кеңестің қызметі
Негізгі сұрақ бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында педагогикалық кеңес аясында тәжірибе алмасу өтті.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру, сабақ барысында оқушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту жолдарын талқылау және тиімді әдістермен бөлісу болды.
Тәжірибе алмасу барысында ең алдымен бірлестік жетекшісі Рахимжанова Э.В. тақырыпқа сай мазмұнды презентация ұсынып, қатысушыларға бағыт-бағдар берді.
Келесі кезеңде Раева Н.А. қазақ тілі сабағында құндылыққа бағытталған ойын түрлерін көрсетті. Бірінші ойында мұғалімдер додекаэдр арқылы Қазақстан Республикасына қатысты сұрақтарға жауап берсе, екінші ойында «Көкпар» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Одан кейін Кенжебаева Г.М. ұжыммен топтық жұмыс жүргізіп, педагогтер өз сабақтарында оқу мақсаттарын «Адал азамат» құндылықтарымен қалай ұштастыратынын талдап, қорғап шықты.
Іс-шара соңында Нургалиева Р.А. қатысушылармен бірге рефлексия өткізіп, іс-шараның тиімділігін қорытындылады.
Тәжірибе алмасу мазмұнды, өзара үйренуге бағытталған, педагогтердің кәсіби дамуына септігін тигізген әсерлі іс-шара болды.