01
июнь
2023
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс- тәсілдері” тақырыбында әдістемелік семинар
Сәлеметсіздер ме. 2023 жылдың 26 мамырда ЖОББ №7 мектеп-лицейінде қазақ тілі мұғалімдері Э.В. Рахимжанова, А.С. Жиенбаева, Р.А. Домбаланованың ұйымдастыруымен “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс- тәсілдері ”тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты серіктес мектептердің педагогтеріне белсенді және тиімді жұмысын ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни тұрғыдан ойлауды ықпал ететін әдіс - тәсілдері туралы ақпарат беру. Семинардың теориялық бөлімінде жауапты қазақ тілі мұғалімдері осы технологияның барлық фазаларын қарастырды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, рефлексия. Сабақты өткізу кезінде оқытушылар қолданатын технологияның негізгі әдістері, мысалы, миға шабуыл, INSERT әдісі, идеялар қоржыны және т.б. әдістер талқыланды. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар топ бойынша жұмыстарын жалғастырды. Оқытушылар үшін сыни тұрғыдан ойлау технлогиясының әдістерін қолдана отырып, практикалық тапсырмалар дайындалды. Топтарда жұмыс істей отырып, олар ұсынылған оқыту әдістемесіне өз бағаларын берді. Мұндай семинарлар оқытушылардың кәсіби өсуіне және тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып өткізілетін сабақтар диалогтік, интерактивтік режимді, проблемаларды шешуді бірлесіп іздестіруді, сондай-ақ педагог пен білім алушылар арасындағы “әріптестік” қатынастарды көздейді.
Отырыста ынтымақтастықтың жайлы атмосферасы құрылды, бұл бірлескен жұмысты қызықты және ұмытылмас етіп өткізуге мұғалімдерді ынталандырды.



Отырыста ынтымақтастықтың жайлы атмосферасы құрылды, бұл бірлескен жұмысты қызықты және ұмытылмас етіп өткізуге мұғалімдерді ынталандырды.



