06
декабрь
2022
«Әлем таныған Әуезов»
Семей қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес "№7 ЖОББ мектеп-лицейі" КММ-де 2022 жылғы 23 қыркүйек күні қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған «Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күн өткізілді.
Мұхтар Әуезов өміріндегі тың деректер, шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту мақсатында бірыңғай күн аясында "Әлем таныған Әуезов" атты салтанатты жиын, Әуезов шығармаларының желісі негізінде эссе байқауы, "Бал балалық" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.