«Math Mindspace: жаңашылдық кеңістігі»
23 қазан 2025 жылы Семей қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде “ЖАҢАШЫЛДЫҚ” кластері мектептерінің математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Math Mindspace: жаңашылдық кеңістігі» атты шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараға №15, 19, 20, 25, 30, 35, 41, 46, 49, 50 жалпы орта білім беретін мектептерінің ұстаздары қатысты.
«Шәкәрім» атындағы СМУ PHD доторы Муратов Елдос Мухтарұлы, математика пәні мұалімі Шукыжанова Алма Сайдахметовна зерттеу жұмыстары, жобалар бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Математика пәнінен білім сапасын көтеру және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Мухаметкалиева Ж.Ж. геогебра бағдарламасының көмегімен дененің көлемін анықтауды, Манапова Ш.А математикадағы құндылықтармен, Сентаева Ж.И. Action Research зерттеулерін талдап және Божко М.В. комбинаторика формулаларын тиімді қолдну әдістрімен бөлісті.
Math Mindspace: жаңашылдық кеңістігі – пікір алмасу, заманауи тенденциялармен жұмыс, үздік тәжірибелермен бөлісу алаңы!
Әр кездесуден – шабыт алу!


