І оқу тоқсанының қорытындысы
І оқу тоқсанының қорытындысы
2023-2024 оқу жылы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі. «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» дегендей, мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады. Оны дәлелі – білім алушылардың ғылыми жобалар сайысына қатысулары. Қазан айының басында Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары байқауының қалалық кезеңіне мектебімізден 2-7сыныптар бойынша 12 оқушы қатысты. Оның төрт жұмысы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
№ | Ф И О | Орын | Сынып | Жетекшілері |
1 | Ержан Іңкәр | 3 | 6 | Умарбекова Ф.Н., Кибатбаева М.В. |
2 | Запорожская Дарья | 3 | 7 | Рзабаева Г.К. |
3 | Жұмаш Інжу | 3 | 2 | Мырзахметова Г.Н., Жұмагелдинова А.Е. |
4 | Кухоренко Софья | 3 | 6 | Исакова И.А., Кураева Г.Н. |
5 | Кумаргазы Аяулым | 3 | 6 | Исакова И.А., Кураева Г.Н. |
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне бір жоба жолдама алып, облыстан ІІІ орынға ие болды.
№ | Ф И О | Орын | Сынып | Жетекшілері |
1 | Ержан Іңкәр | 3 | 6 | Умарбекова Ф.Н., Кибатбаева М.В. |
М. Әуезов педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Young mathematican» атты қалалық интеллектуалды қашықтық олипиадасыны 9,11-сынып оқушыары қатысып, өз білімдерін сынады. 11-сынып оқушысы Кенжегалиева Дарина ІІІ орын алды. Жетекшісі: Ташмухаметова А.Б.