Ата-аналарға кеңес
Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне ата-ананың көмегі. Ата-аналарға психологиялық кеңес.
• Балаңыздың үй тапсырмасын өзіңіз орындамаңыз, оған үйге берілген тапсырманың бәрін өзі орындауға міндетті екенін түсіндіріңіз.
• Балалар ақыл айтқанды ұната бермейді. Сондықтан мектепке бара-жатқан ұл-қыздарыңыздың маңдайынан иіскеп «5» алып келуіне тілектестік білдіріңіз.
• Баламен қарым-қатынаста қаталдау болуға қорықпаңыз,сонда ғана бала өз орнын анықтауға үйренеді.
• Баланы тәрбиелеуде күш көрсетуге жол берілсе,бала оған дағыдыланып кетеді, ал ұсыныстар мен бастамаларыңызды әңгімелесе отырып түсіндіргеніңіз дұрысрақ.
• «Бәрбір менің айтқанымды істейсің»-деген қоқан-лаққы баланың одан әрі қырсықтана түсуіне әкеп соғады.
• Баланың өз жасынан кіші сезуіне жол бермеңіздер, одан бала жылауық,аяңкез болады.
• Балаға өзінің шамасы келетін істі атқаруға мүмкіндік беріңіздер.
• Бөтен кісілердің көзінше баланы тәрбиелеуге тырыспаңыздар.Одан бала өршелене түседі. Одан гөрі қалыпты жағдайда көзбе көз жасалған ескертудің әсері мол.
• Баланың адалдығына күмән келтіре бермеңіздер,онда бала өтірік айтуға үйренеді.
• Баланың ашық сұрақтарынан жалтармаңыздар,онда балада жауапты басқа жақтан,басқа жолмен алатын болады.
• Балаға досыңыздай қараңыз,сонда балаңыда шынайы дос болуға тырысады.
• Баладан талап етпесең бұрын өзіңізге көз жүгіртіңіз,бала атаананың айнасы екенін ұмытпаңыз.