Еріктілер топтарының облыстық форумы
2025 жылдың 19 ақпан күні Семей қаласындағы «Физика-математикалық бағытын-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Көшбасшылар патриот болу парызымыз!» тақырыбындағы үздік еріктілер топтарының облыстық форумы өткізілді. Форумға мектебіміздің парламент мүшелері 8г сынып оқушысы – Болатқызы Амина, 10А сынып оқушысы – Серикканов Саян, 10Б сынып оқушысы – Нұрмұхамет Аяжан қатысып қайтты. Қатысушылар дайындаған бейнероликтары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.