Заңды білу – өз құқығыңды қорғау
2026 жылдың 26 қаңтары 5 «А» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Тақырыбы: «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» Сынып жетекші: Жумагазина Аида Агыбаевна. Сабақ барысында оқушылар заң ұғымымен, өз құқықтары мен міндеттерімен танысып, түрлі өмірлік жағдаяттар арқылы өз құқығын қалай қорғау керектігін үйренді. Оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасу арқылы құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Заңды білетін, өз құқығын қорғай алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет.