25
январь
2023
Дарынды балалармен жұмыс
Жалпы білім беретін мектептердегі атқарлытан негізі жұмыстардың бірі дарынды балалармен жұмыс болып табылады. Дарынды балалар өз қатарластарын басып озып, оқу материалын меңгеру қарқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалармен жұмыс жасау қызықты да күрделі. Мектеп осындай дарынды балаларға ғылым мен өмірге жол сілтеп, өз қабілеттерін ашуларына ықпал етуі қажет. Білім берудің басты міндеті – тек ғана ғылым мен техника аясындағы жоғары білімді маман дайындау ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет пен сауаттылық аясында жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал ол мектепте білім беру деңгейін арттыруға, тұлғаға бағдарланған даралап оқыту тәсілін арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Мектеп оқушыларын ғылыми жобаға және олимпиадаға дайындау мәселесінің өзектілігі бұл күні анықталған және оның әдістемесін жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылуда
Пән мұғалімдері білім алушыларды ғылыми жобалар мен пәндік олимиадаларға сапалы дайындап, жыл сайын республикалы «Дарын» ғылыми орталығы ұйымдастыратын сайыстарға белсене қатысады.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Мектеп оқушыларын ғылыми жобаға және олимпиадаға дайындау мәселесінің өзектілігі бұл күні анықталған және оның әдістемесін жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылуда
Пән мұғалімдері білім алушыларды ғылыми жобалар мен пәндік олимиадаларға сапалы дайындап, жыл сайын республикалы «Дарын» ғылыми орталығы ұйымдастыратын сайыстарға белсене қатысады.
2022-2023оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобаларының қалалық кезеңіне 5 білім алушы өтініш білдірді. Олар: 11-сынып оқушысы Тлеуберлина С (жетекшісі: Арғынов Қ.О), 8сынып оқушысы Ахметова Әлем (жетекшілері Шукыжанова А.С.; Сангалиева Г.М.), 10-сынып оқушысы Қайрат Сағыныш (жетекшісі Ермукашева Н.С.), 9-сынып оқушысы Маратов Н.(жетекшісі Шукыжанова А.С,), 8-сынып оқушысы Васильева Влада (жетекшісі Умарбекова Ф.Н.). Конкурстың қалалың кезеңінде Маратов, Васильева, Ахметова жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Маратов Н. Облыстық кезеңге жолдама алып, ІІІ жүлделі орынды иеленді.
1-7-сынып оқушыларының облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына барлығы 26 жұмыс қатысты. Оның 14 жұмысы жүлделі І,ІІ, ІІІ орындар қатарынан көрінді. І орынды 5-сынып оқушысы Ақылжанова А медицина, психология бағыты бойынша, 7-сынып оқушысы Богомолов С информатика бағыты бойынша иеленді. ІІ орынды математика-информатика бағыты бойынша Ерболат Аруна, медицина, психология бағыты бойынша Бейбитжанова Медина, Азаматқызы К, биология, химия бағыты бойынша Зопорожская Д, Колпакова С иеленді. ІІІ орынды Жұманов А, Орысхан Н, Арстанбекова А, Чайко М, Жунусоа Д, Амирбекова А, Рамазанова А, Шматко Я алды.
Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне5-6 сыныптар бойынша мектебімізден қазақ тілі, орыс тілі, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша барлығы 16 білім алушы қатысты. Оның ішінде 5 оқушы жүлделі орынды иеленді. 5-сынып оқушысы Ибраева Г ағылшын тілінен І орын (мұғалімі Остоверхова Л.К), Хайдаров А математика пәнінен ІІ орын (мұғалімі Шукыжанова А.С.), қазақ тілі пәнінен Ақылжанова А ІІ орын (мұғалімі Домбаланова Р.А.), орыс тілі пәнінен Шамен А, Шматко Я ІІІ орын (мұғалімдері Баубекова Ш.К., Мангуткина Г.Х.) жүлделі орын алды.
Қалалық «Ана тілі – тірегім» сайысына қатысуға тілек білдірген 4-сынып бастауыш сынып оқушылары Дүйсен Ұлдана, Бейбітжанов Шыңғыс жүлделі І,ІІІ орындарды иеленді.
Бастауыш сыныптар арасында өткен «Мен конструктормын» атты облыстық қашықтық олимпиадада 4-сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшілері информатика пәні мұғалімдері: Жалелова Г.Ж., Сангалиева Г.К.
Робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша облыстық конкурста 5-7 сыныптары қатысып, 6-сынып оқушысы Бақытбергенова Жібек Бас жүлдені жеңіп алса, 7-сынып оқушылары Богомолов С, Мендикеев М, 5-сынып оқушысы Орынбай Мадияр 3 орын жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Жетекшілері информатика пәні мұғалімдері: Жалелова Г.Ж., Сангалиева Г.К., Шакаримов К.Ж., Мұқатаева Қ.С.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 9-11 сыныптар бойынша алдағы уақытта болады.
І жартыжылдық бойынша білім алушылардың конкурс, олимпиадаға қатысулары туралы ақпарат (2022-2023)«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі | Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының (ғылыми конкурсының) қалалық кезеңі | Областной интеллектуальный конкурс «Асыл тас» | Жалпы пәндер бойынша қалалық 5-6 сыныптардың олимпиадасы | «Я конструктор» облыстық қашықтық конкурсы (1-4 сыныптар) | Областной конкурса по робототехнике, программированию и 3D моделированию | Қалалық «Ана тілі – тірегім» сайысы |
Қатысқан оқушы саны - 26 | Қатысқан оқушы саны - 5 | Қатысқан оқушы саны - 8 | Қатысқан оқушы саны - 16 | Қатысқан оқушы саны - 5 | Қатысқан оқушы саны - 8 | Қатысқан оқушы саны - 2 |
Жүлдегерлер саны – 14 І орын – 2 ІІ орын – 3 ІІ орын – 9 Облыстық 2 қатысушы | Жүлдегерлер саны – 3 І орын – 0 ІІ орын – 1 ІІ орын – 2 Облыстық ІІІ орын - 1 | Жүлдегерлер саны – 4 І орын – 0 ІІ орын – 4 ІІ орын – 0 | Жүлдегерлер саны – 5 І орын – 1 ІІ орын – 2 ІІ орын – 2 | Жүлдегерлер саны – 5 І орын – 0 ІІ орын – 5 ІІ орын – 0 | Жүлдегерлер саны – 4 Бас жүлде - 1 І орын – 0 ІІ орын – 0 ІІ орын – 3 | Жүлдегерлер саны – 2 І орын – 0 ІІ орын – 1 ІІ орын – 1 |