Өзін- өзі басқару ұйымының I жарты жылдық есебі » «Средняя общеобразовательная школа-лицей № 7»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің

«№7 жалпы орта білім беретін»

мектеп-лицейі КММ
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 30-70-81
Бухгалтерия
+7(7222) 30-72-40
Версия для
слабовидящих
123
Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа – лицей № 7» отдела образования города Семей управления образования области Абай * Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін» мектеп-лицейі КММ* Municipal state Institution "Secondary school – Lyceum No. 7" of the Department of Education of the Semey city of the Department of Education of the Abay region
» » » Өзін- өзі басқару ұйымының I жарты жылдық есебі
19
январь
2023

Өзін- өзі басқару ұйымының I жарты жылдық есебі

Өзін-өзі басқару ұйымының І жарты жылдық есебі

2022-2023 оқу жылының «№7 ЖОББМ-лицейінің» өзін-өзі басқару ұйымының І жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп, сараптама жасалынды. Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатында мектептегі тәрбиенің кешенді–мақсатты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектебімізде өзін – өзі басқару ұйымы құрылып, жұмыс істеуде. Өзін –өзі басқару ұйымының міндеті:
 1. Мектеп оқушыларын біріңғай өзін-өзі басқара алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға болуға тәрбиелеу.
 2. Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, мектеп ережесінің талаптарын бұлжытпай орындауға үйрету.
 3. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
 Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, байқаулар, акциялар жүргізіліп отырылды. Атап айтқанда: 

  • 2022 жылдың 9 қыркүйек күні  ЖИД ҚМ «№7 ЖОББМ-лицейі» КММ -де өзін өзі басқару ұйымының мүшелері,мектеп жасақтарының оқушылары мектеп инспекторы көш.полиция лейтенанты КЕМЕ ПЮП МПП Әуезов О.П.Семей Оралбекова Р.С. және мектеп тәлімгері Қабдығалиева Н.Қ. «Назар аударыңыз,балалар!» профилактикалық іс шарасы аясында өткізілетін   «Жүргізушіге хат» акциясына қатысты.
  • 2022 жылдың 22 қыркүйек күні «№7 ЖОББМ-лицейі» КММ -де мектептегі өзін-өзі басқару Президентін сайлау өтті.
  • 2022 жылдың 30 қыркүйек күні  мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» мүшелері ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлағатты есім» атты іс -шара ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдеріне өлеңдерін арнап, мерекемен құттықтады. 
  • Бірінші қазан «Қарттар күніне» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Абай облысы Семей қаласының УССО 2БП ардагерлерінің төрағасы  Чабеков Серік Садыковичты қарттар күнімен құттықтады. 
  •  «Асар» волонтерлік ұйымының мүшелері қаламыздағы жан-жануарларға көмектесетін  «4 лапы» атты жан-жануарларға арнаған баспанаға барып, өздерінің қол ұштарын созды. Волонтерлік ұйымының мүшелері жан-жануарларға жем, қалың көршелер, ыдыстар апарып берді. 
  •  «Асар» волонтерлік ұйымы «Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына» көмек қолын созды.   Ұйым мүшелері киім-кешектер, кітаптар мен ойыншықтар апарып берді. 
  • Республика күніне арналған жоспарға сәйкес мектеп тәлімгері Хасенова Д.А. және мектеп Президенті Амангельдина Аяулым  «Жас Ұлан» ұйымының мүшелеріне дөңгелек үстел ұйымдастырды.
  • 2022 жылдың 21 қазан күні 25-қазан Республика күні мерекесі қарсаңында мектеп тәлімгері Хасенова Д.А. белсенді оқушыларды Республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау лездемесін өткізді.
  • 2022 жылдың 22 қараша күні «№7 ЖОББМ-лицейінде» мектеп тәлімгері Хасенова Д.А. мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің белсенділері мектептің 40-жылдық мерейтойына арналған іс – шара ұйымдастырды.
  • Жаңа жыл мерекесіне орай «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері 5-11 сыныптар арасында «Жаңа жыл ғажайыптары» атты конкурс ұйымдастырды. Оқушылар жаңа жылға байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындар ойнады. Сыныптар номинациялар бойынша марапатталды.
  • «Жас Ұлан» ұйымы отырысында екінші жартыжылдыққа метепішлік әр түрлі байқаулар өткізуге және де қалалық байқауларға белсенді қатысуға жоспарлануда. «Асар» волонтерлік ұйымы әр түрлі акциялар өткізуге жоспарлануда.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив