"Абайды оқы, таңырқа! атты байқау
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 1- 4 сыныптар арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бастауыш сынып мұғалімі Жұмагелдинова Әсем Ержанқызы "Абайды оқы, таңырқа! атты байқау өткізді. Ұлы ақын Абай шығармашылығын мұра ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту мақсаты көзделді. Бастауыш сынып оқушылары байқауға белсене қатысып, ұлы ойшылдың шығармаларын жатқа айтты.