07
May
2021
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ АЙБЫНДЫ МЕРЕКЕСІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ АЙБЫНДЫ МЕРЕКЕСІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
⠀«Ер елінің қоғаны» деген халқымызда аталы сөз бар. Отанын қоғап жүрген осындай ержүрек жандарға береке-бірлік пен еңбектеріне табыс тілейміз.
⠀Тұрақтылық пен достықтың үлкен шаңырағына айналған мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен ұлтымыздың бейбіт өмірі үшін қорғаныс күштері кепіл болады. Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құнды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің», – деген. Мемлекет басшысы атап өткендей, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекет тұрақтылығының, оның аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды. Төл армияда қызмет ету рухы мықты жандар үшін құрметті әрі жауапты іске айналды.Осынау ғасырлар көгіндегі өшпес өсиет – әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз. Отан қорғаушы күні - атамекен, туған жерді шынайы сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті ерекше паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік мереке.
Ата-бабамыздан мирас болған Отанымыздың жерін көзінің қарашығындай қорғайтын жаужүрек, қайсар мінезді, кез-келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, елімізге бейбітшілік, береке-бірлік, молшылық тілейміз!
Әрқашан нағыз еркек болып қала беріңіздер!
