«Педагогикалық идеялар фестивалінің» мектепішілік кезеңі өтті
2025 жылдың 14 қараша күні мектебімізде шығармашыл ұстаздарға арналған республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» мектепішілік кезеңі өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, олардың жаңа форматтағы жұмыс тәсілдерін қолдау және озық тәжірибелерді білім беру процесіне енгізу.
Мектепішілік турға әр пән бірлестігінен белсенді, жаңашыл мұғалімдер қатысып, өздерінің авторлық идеяларын, заманауи әдіс–тәсілдерін, тиімді педагогикалық технологияларын және цифрлық білім беру құралдарын ортаға салды.
Қатысушылар өз әдістемелік жобаларын қорғап, бір-бірімен тәжірибе алмасып, кәсіби пікірталас алаңын құрды.
Байқаудың мектепішілік кезеңі мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін танытуға, кәсіби серпіліс жасауға және алдағы аудандық, қалалық кезеңдерге жолдама алуға мүмкіндік берді.
Фестиваль барысында ұсынылған жұмыстар ұстаздардың үздік инновациялық тәжірибелерін насихаттауға және оларды әрі қарай дамытуға бағытталды.







